Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Асқар Мырзахметов Таразда қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы көпқабатты үйде болған жарылыстан қаза тапқан Бексұлтан Темірханұлының отбасына барып көңіл айтты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаназаға қатысқан Асқар Исабекұлы марқұмның ата-анасы, туған-туыстары мен бауырларына қайғыра көңіл айтты.

Естеріңізде болса, кеше таңғы сағат 06:21-де Тараз қаласы №9 «Мыңбұлақ» ықшам ауданындағы 62-ші үйде жарылыс болып, салдарынан сегіз адам жапа шегіп, үш адам қаза тапқан болатын. Қазіргі кезде облыс әкімдігінің қолдауымен зардап шегушілерге барлық қажетті жағдайлар жасалуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close