Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Құлаққаптың салдарынан 470 миллион адамның есту қабілеті нашарлаған

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап Qazbrand.info порталы хабарлайды.

470 миллион адам. Жер бетінде осынша жанның есту қабілеті нашарлаған. Бірақ ол туа біткен сырқат емес, күнделікті киіп жүрген құлаққаптың салдары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінше, жиырма жылдан кейін әр алтыншы  адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін. Сорақысы оның емі әлі табылмаған. Одан бөлек депрессия, түрлі жүйке ауруларын қоздыратын да, тіпті  жол апаттарының көбейіп кетуіне де дәл осы себеп дейді мамандар. Қаупін аңғарса керек, дамыған Еуропа мен Азия елдерінің бірқатары құлаққап дегеннен үзілді-кесілді бас тартқан. Ал біздегі жағдай қандай?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаға ұстатарлық зерттеу нәтижесімен бөлісті. Олар  2050 жылға дейін әр алтыншы  азамат саңырау болып қалуы мүмкін деген болжам айтуда. Тек бүгінгі күннің өзінде 470 миллионға жуық адам керең. Сорақысы бұл дерт жыл сайын жасаруда екен. Отоларингологтар әсіресе бесіктен белі шықпағандардың да есту қабілеті бұзылып бара жатқанына алаңдаулы. Себебі, оның емі әлі табылмапты.

ДИАНА ЕРМЕКОВНА, ОТОЛАРИНГОЛОГ:
«Ондай науқастарды емдеуге қазіргі таңда, қазіргі заманда өте қиын. Ондай ем әлі табылған жоқ. Егер де ішкі құлақ зақымдалса. Ал осы құлаққап киіп, кереңдіктің түрі құлаққаптың кесірінен пайда болған, ол ішкі құлақты зақымдайды.  Сол үшін осылай насихаттау, жастарға түсіндіру өте маңызды. Себеі ол ертең оғай жазылып кететін немесе 100 пайыз сауығып кететін ауру емес»

Мәселен Батыс Еуропа елдерінде  қоғамдық орындарда құлаққаппен  ән тыңдап жүру мәдениеттен жұрдай екенінді көрсетеді. Әуелі өзіңді, кейін қоршаған адамдарды сыйламаудың белгісі ретінде саналады. Ал біздегі жағдай болса, әзірге мынадай.

«Ну каждый день мектептен шығамын  сосын тыңдаймын, сосын үйге келем сосын қайтатадан шешемін и тунде болады сосын таңертең тоже.

“ Кешкісін  қолданамын, жұмыстан келген кезде, ұйқтайтын кезде 1-2музыка тыңдаймын”

“ Ну я слушаю уже как два года в наушниках, вроде нормально все со слухом”.

“ Құлаққапты мен күнделікті өмірде мынау ұялы телефонда пайдаланамын күнделікті тыңдаймын музыка тыңдаймын»

Құлаққаптың кесірінен кеселге душар болып, саңырау болып қала жаздағандардың  бірі елордалық студент Аида. Ол есту қабілетінің нашарлағанын  бірден аңғармаған. Тек айналадағы адамдардың айтқан бірнеше  ескертуінен кейін  бір-ақ байқапты.  Абырой болғанда, дәрігерге уақытылы көрінген.

АИДА ҮСЕНБАЙ, СТУДЕНТ:
«Мен құлаққапты 5 жылдан бері тақтым. Және ұзақ уақыт таққаным үшін менің құлағым жақсы естімей қалды. Сондықтан мен дәрігерге қаралып емделдім бір жылдай. Бір жылдан соң менің құлағым жақсы ести бастады. Сосын мен құлаққап тақпаймын деген шешімге келдім».

Бұл ретте психологтар құлаққап таққаннан басқа бір проблеманың менмұндалап тұрғанын байқауға болады, дейді. Яғни, бұл ешкімді тыңдап,  тіпті естігіңіз келмейтінін, яғни керең болуды өзіңіз қалап тұрғаныңызды  көрсететінін аңғартады екен. Ал мұндай адамдар кейін, депрессияға ұшырап кетуі де бек мүмкін.

ҒИБРАТ САҒЫНДЫҚОВА, ПСИХОЛОГ
«Адам бір психоэмоционалдық күйді кешіп жүрген кезде, ол өзінің жанына ем болатындай, сол күйден шығуға көмектесетіндей, бір әнді 50-100 рет тыңдай беруі мүмкін. +0123- Және де үнемі өзінің әлемінде өзінің мәселелерін өзім ғана шешемін деп, оқшауланған адам депрессиялық күйден шығуға ән тыңдау, үнемі музыка тыңдау көмектесе алады деп айту қиын»

Бұл ретте, құлаққап шыққаннан кейін, жол апаттарының да жиілеп кеткенін айтпай кетуге болмас. Бақыртып  қойылған әуен айналада болып жатқан жайттан мүлдем алыстатты.  Тіпті, жұрттар көлік тұрмақ, поездың да шырылдаған дауысын естімегей, мертігіп қалған оқиғалар жиі кездеседі. Құлаққаптың қауіпін аңғарса керек, Жапония сынды бірнеше  ел  құлаққаптан мүлдем бас тартқан.

Осылайша, жиырма жылдан кейін  жұмысқа қабілетті жастар, яғни 12 мен 35 жас аралығындағы азаматтар есту қабілетін жоғалтуы мүмкін. Ал оны емдететін сиқырлы дәрі, ғажайып тамшы әлі ойлап табылған жоқ. Сондықтан да құлақпатан бас тарту әркімнің өз шешімі, дейді мамандар.

www.qazbrand.info

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close