Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАР 1,5 ЕСЕГЕ АРТАДЫ

Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар 1,5 есеге артады. Сондай-ақ, бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өседі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды «Ақпарақ».

Аз қамтылған, әсіресе көпбалалы отбасыларды қамтуды кеңейту үшін атаулы көмек көрсету өлшемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін артады (14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін, ПМ – 29698 теңге). Бүгінгі таңда облыста атаулы әлеуметтік көмекпен 75 мың адам немесе 14852 отбасы қамтылған. Есептеу өлшемінің өзгеруі нәтижесінде АӘК алушылар саны 1,5 есеге артып, 116,2 мың адамды немесе 23240 отбасын құрайды. Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы бар көпбалалы отбасыларға әрбір балаға 20 789 теңге сомасында ең төменгі төлем белгіленді. Мұндай отбасылардың санын анықтау жұмыстар басталып кетті. Сондай-ақ, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап жалақысы төмен бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға (облыстың 40 мыңнан астам халқы) дейін артады. Аудандық және облыстық деңгейде халықпен тікелей жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің (облыс бойынша 2403 қызметкер)  жалақысы орта есеппен 25 пайызға артады.

Осындай мәліметтерді келтірген облыс әкімінің орынбасары Талғат Момышев, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Арубаев баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған тапсырмаларын орындау туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жалпы, Елбасының «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес облыста ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр. Съезде Елбасы тұрғындардың кірістерін ұлғайту және аз қамтылған топтарға қолдау көрсетіп, тұрғын үй мәселелерін шешу, сонымен қатар өңірлерді кешенді дамыту қажеттілігі туралы айтқан болатын. Сондықтан да бүгінгі күннің әлеуметтік саясаты үш негізгі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталып отыр. Ең бірінші міндет табысты арттырып, халықтың аз қамтылған топтарын қолдау. Бұл бағытта Мемлекет басшысы қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының деңгейін арттыру жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close