Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысында төрт күннің ішінде 920 құқық бұзушылық анықталды

Жамбыл облысы Полиция департаменті жол-патрульдік полиция батальонының жеке құрамы «Құқықтық тәртіп»  республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу аясында төрт күн ішінде 920 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады және жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР аумағында заңсыз жүрген жақын шетелдердің сегіз азаматы және іздеуде жүрген бір адам ұсталды. Сондай-ақ, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарының жүргізушілеріне қатысты 59 әкімшілік хаттама толтырылды.

3 наурызда «Батыс Қытай–Батыс Еуропа» автожолының 460-шақырымында Ақшолақ елді мекенінде жолаушылар тасымалдайтын бірқатар автокөліктер тоқтатылды. Олардың құжаттарын тексеру кезінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 572-бабы бойынша «жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзу»,  593-бабы «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау», 590-бабы «көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу»  бойынша құқық бұзушылықтар анықталды. Көлік құралдары айып тұрағына қамалды.

Ерген Руслан,  ПД ЖППБ командирі,

полиция майоры.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close