Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысы әкімі көпбалалы аналарды мерекемен құттықтады

Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау үшін көпбалалы аналардың шаңырағына арнайы барып, ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдіріп қайтты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алтын алқа» иегерлері – сегіз бала тәрбиелеп отырған Дария Күзенбаева мен жеті баланың анасы Гульбар Егембердиева көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың жағдайына көңіл бөліп, әлеуметтік көмекті арттыруға тапсырма берген Елбасына алғысын білдірді. 

         Бұл күні, сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйым басшылары да өңірдегі көпбалалы және мүгедек бала күтіміндегі аналардың үйіне барып, мерекелерімен құттықтады.

         Жалпы, бүгінде облыста 44100 көпбалалы және 14852 аз қамтылған отбасы бар. Оларға түрлі деңгейдегі әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Бұл бағытта биыл республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 30,6 миллиард теңге қаралған. Республикалық бюджеттен бөлінген 19,7  миллиард теңгеге түрлі әлеуметтік жәрдемақылар төленетін болса, жергілікті бюджеттен қарастырылған 8,4 миллиард теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілмек. Сондай-ақ, облыстағы тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналып биыл 10 жатақхана салынбақ. Оның  3-і Жаңатас, Шу, Қаратау, 7-і Тараз қаласында бой көтереді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close