Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдары табыс етілді

8 наурыз мерекесіне орай Тараз қаласында бірқатар  көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдары табыс етілді, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА «Jambyl» телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап.  Бүгінде Таразда 4344 көпбалалы отбасы бар. Оның 2504-і алтын, 1840-ы  күміс алқа иегерлері. Мереке қарсаңында алтын құрсақты аналардың тағы жетеуі алтын, 27-і күміс алқа тақты. Олардың қатарында 30 бен 34 жастың аралығындағы ұстаз да, балабақша тәрбиешілері де бар. Өз кезегінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай аналарды мерекемен құттықтап, ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлестерін ерлікке балады. Мерекелік жиында ыстық ықыласқа кенеліп, құшағы гүлге толған асыл  аналар арнайы ілтипат білдірген жергілікті билік өкілдеріне өз ризашылықтарын білдірді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close