Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Е.Тұрғымбаевтың нұсқауына сәйкес, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Жүнісбеков сағат 10.00-ден бастап «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды «Ақпарақ» AA облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтардың басым бөлігі көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, азаматтық алу, қала жолдарындағы белгілерді жаңарту және әкімшілік айыппұлдарды төлеу мәселелері бойынша өтініш білдіруде. Арнайы жабдықталған автобус облыс орталығының халық көп жүретін орындарына тоқтап, құқықтық кеңес беріп, қажет болған жағдайда заң тұрғысында көмек көрсетуде.

Полиция департаментінің ӘПБ бастығы М.Смайылов, ЖПҚБ бастығының м.а. М.Байсеркенов, Әкімшілік және Жергілікті полиция қызметі басқармаларының, сондай-ақ Көші-қон қызметінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған бөлімінің қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірге тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, кейбір азаматтардың мәселелерін сол жерде шешуде. Сонымен қатар, 8(7262) 43-14-03 жедел байланыс телефоны жұмыс істеп тұр, оған 20-дан астам сұрақ келіп түсті. Акция барысында әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы Полиция департаментінің @zhambyl_police ресми парақшаларынан тікелей эфир жүргізіліп, қолданушылар тарапынан көптеген  сұрақтар қойылуда.

Акция басталғаннан бері полиция қызметкерлеріне 100-ден астам адам өтініш білдірді. Іс-шара екі күнге жалғасады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close