Басты бетЖаңалықтарМәдениет
Таразда журналистерге арналған пресс-тур өтті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметін кеңінен насихаттау мақсатында журналистерге арналған пресс-тур өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.
«Тараз- тарихымыздың алтын діңгегі» деп аталған шарада журналистер «Қарахан», «Дәуітбек», «Айша бибі», «Бабаджа Хатун» кесенелері, «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағы сияқты мәдени орындарда болды.
«Қорық-музейдің жұмысын әрі қарай жандандыру мақсатында Жамбыл облысындағы Республикалық маңызы бар тарихи нысандарды жаңа форматта халыққа насихаттау мақсатында БАҚ өкілдеріне «Тараз- тарихымыздың алтын діңгегі» тақырыбы аясында пресс-тур ұйымдастыруды жөн көрдік», – дейді аталған Қорық-музейдің директоры Нұрлан Бықыбаев.