Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбылдық полицейлер тауда жоғалып кеткен әжені тапты

Жамбылдық полицейлер тауда жоғалып кеткен әжені тапты, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 20 сәуірінде Жамбыл аудандықполиция бөлімінің 102 тетігіне Тараз қаласының тұрғыны Александр Ан қоңырау шалып, 80 жастағы әжесі Вера Кимнің саңырауқұлақ теріп жүріп жоғалып кеткендігі туралы, сондай-ақ өздерінің 4 сағат бойы іздестіріп таба алмай жатқанын хабарлаған.

Осы хабарлама бойынша Жамбыл ауданының полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 80 жастағы қарт ана В.Ким Жамбыл ауданына қарасты «Күйік» тауының бөктерінен табылып, туысқандарына жеткізілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close