Басты бетЖаңалықтарМәдениет

Қордайлық Жандос Омаровтың әңгімесі «Қазіргі қазақ сатирасы» кітабына енді

Жуырда Алматыдағы «МЕЛОМАН «GRAND» сауда желісінде «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында кездесу өтті. Жиында әдеби «Оскар» сыйлығы табыс етіліп, көптеген кітаптардың тұсаукесері өтті, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Олардың қатарында «Алтын қалам» әдеби жүлдесіне қатысып, оқырмандардың ықыласына бөленген үздік туындылар енген «Қазіргі қазақ сатирасы» атты жинақ та бар. Дарынды авторлардың таңдаулы әңгімелерінен құрастырылған бұл кітапқа қордайлық Жандос Омаровтың «Соғым басы» әңгімесі енген. Достық сын, астарлы әзілмен өріліп, бүгінгі күннің шындығын шебер жеткізе білген бұл әңгіме автордың қаламынан туған үздік шығармалардың бастамасы ғана деген сенім мол.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close