Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгін Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданында 60 пәтерлі арендалық-коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді, – деп xабарлайды «Ақпарақ» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізінен тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топ өкілдеріне берілген пәтер кілтін салтанатты түрде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев пен Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев табыстады.

Тұрғын үй 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Құрылысын мердігер «Бином» ЖШС-гі жүргізген.

Нысанда 3-бөлмелі – 30, 2-бөлмелі – 15, 1 бөлмелі – 15 пәтер бар. Ондағы 3 бөлмелі пәтердің ауданы -71, 2 бөлмелі – 58, 1 бөлмелі – 40 шаршы метрді құрайды.

Бүгін пәтер алғандар қатарында 12 жетім бала, 31 әлеуметтік жағынан қорғалған, 17 мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкері бар.

Айта кетейік, пайдалануға беріліп отырған көпқабатты тұрғын үй әлеуметтік жағынан қорғалатын топтардың азаматтарына жекешелендіру құқығынсыз беріледі. Арендалық айлық төлем көрсеткіші – 5500-6000 теңгені құрайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close