Басты бетЖаңалықтарМәдениетӘлеумет

Таразда «Даңқ» мұражайы ашылады

Таразда 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнінде «Даңқ» мұражайы ашылады. Эскиздік жобасын «Archi-Grup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әзірлеген мұражай Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан және жалпы аумағы 16 гектарды құрайды.

Нысанға жер шарының 80 пайызын қамтыған Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы жылдарын бейнелейтін экспонаттар қойылады. Мұражай 1939 жылдың 1 қыркүйегінен басталып 1945 жылдың 2 қыркүйегінде аяқталған қан майданнан көрініс беретін, мол мағлұматтар алатын ордаға айналары хақ. Сонымен қоса Бауыржантану орталығы да осы мұражайда орналасатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close