Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет
Тараздық түлектер назарына

Бүгін, 15 мамырда сағат 15.00–де М.Ф.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің тараздық түлектерге арналған «Ашық есік» күні өтеді.
Іс-шараның мақсаты – талапкерлерге университеттің тыныс-тіршілігін таныстыру. Шара барысында университет факультеттері, бакалавр мамандықтары, оқуға құжаттарды қабылдау мерзімі мен құжаттар тізімі, жалпы білім беру гранттарының ең төменгі баллдары жайында толық ақпарат берілетін болады.