Басты бетЖаңалықтарСаясатӘлеумет

Сайлау − ел тағдырын айқындайтын оқиға

9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына әзірлік жұмыстары барлық жерде дерлік қызу жүруде. Оның ішінде Жамбыл облысы Сарысу ауданында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан қажетті жағдай жасалып, дайындық шаралары ойдағыдай ұйымдастырылуда, − деп хабарлайды «Ақпарақ» Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес семинар өтіп, онда учаскелік сайлау комиссиялары іске асыратын сайлау рәсімдері туралы айтылып, олардың бұл кезеңдегі қызметінің негізгі аспектілері көріністер арқылы түсіндірілді.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Талғат Жамалов, аудан бойынша сайлау учаскелерінің мүшелері, полиция, төтенше жағдайлар мен денсаулық сақтау саласынан барлығы 170-ке жуық адамның қатысуымен өткен семинар барысында пікірталас пен ортақ талқылау болып, сайлау комиссияларының мүшелері жекелеген сайлау рәсімдерін құқықтық реттеуге байланысты, оларды өткен сайлау науқандары барысында іске асыру тәжірибесін қарастырып, бұл жайында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Шортанбаев пен орынбасары Е.Имашев жан-жақты түсіндіріп өтті.

Жалпы 25 учаскелік сайлау комиссиясы белсенді атсалысуда.

Сайлау – ел тағдырын айқындайтын оқиға. Сол себепті оған бейжайлық танытуға болмайды. «Біздің басты міндетіміз – сайлаушыларға жағдай жасау. Сайлау процесін бақылау. Дауыс берушілердің заңды құқығын түсіндіру, сайлау заңдылығына қайшы әрекеттерді болдырмау», – дейді сайлау комиссиясының мүшелері.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close