Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханиятӘлеумет

Жамбыл облысының әкімі Маралтай Райымбекұлын қабылдады

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Маралтай Райымбекұлын қабылдады, – деп хабарлайды «Ақпарақ».

Сондай-ақ, қабылдауға құрметті қонақтар Мереке Құлкенов, Несіпбек Дәутаев, Серік Ақсұңқарұлы, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Есенғали Раушанов, Светқали Нұржан, Берік Жүсіпов сынды бірқатар
белгілі қаламгерлер қатысты.

Асқар Исабекұлы Маралтай Райымбекұлын 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қаламгердің тойына арнайы келген зиялы қауым өкілдерінің қадамына құт тіледі. Өз кезегінде жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мереке Құлкенов қаламгерді қабылдап, ілтипат танытып отырған облыс әкіміне алғысын айтып, ықыласын жеткізді. Сөз алған өзге де ақын-жазушылар Маралтай Райымбекұлының қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар ақын екендігіне тоқталып өтті. Өңір басшысы облыстың руханияты мен мәдениетін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлы шараларды баяндап, қаламгерлерге шығармашылық табыс тіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close