Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханиятҚоғамӘлеумет

Таразда Маралтай Райымбекұлының шығармашылық кеші өтті

Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстық қазақ драма театрында ақын Маралтай Райымбекұлының мерейтойына орай «Жұлдыз аттас жалғыз шаһар жердегі» атты шығармашылық кеші өтті, − деп хабарлайды «Ақпарақ.

Кешті жүргізген белгілі жырау, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Берік Жүсіп Маралтай Райымбекұлының шығармашылығы туралы айтып өтті. Ал кешке арнайы қатысқан Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Маралтай Райымбекұлы шығармашылығы жастарға өнеге болатынын жеткізіп, қазақы салтпен сый-сияпат жасады.

  Бұдан кейін Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, жазушы Мереке Құлкенов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Серік Ақсұңқарұлы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Есенғали Раушанов, ақын Бауыржан Қарабек, Президенттік стипендияның иегері, ақын Светқали Нұржан және Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Несіпбек Дәутайұлы сынды әдебиет майталмандары бірінен соң бірі сөз алып, Маралтай ақынның бірегей болмысына бойлап, шынайы шығармашылығына тоқталды. Сонымен қатар, кеш барысында Айгүл Мақашева, Сұлужан Әбенова, Әбен Шалқарбаев сынды танымал өнерпаздар әннен шашу шашты. Кеш соңында Маралтай Райымбекұлы өлең оқып, барша азаматтар мен келген қонақтарға алғысын жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close