Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханиятӘлеумет

Жамбыл облысында жас ақын-жазушылар кеңесі құрылды

Жуырда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің қаулысымен жас ақын-жазушылар кеңесі құрылды, − деп хабарлайды «Ақпарақ».

Облыс әкімдігі жанынан құрылған кеңеске облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова төрағалық етсе, оның орынбасары қызметін ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман атқаратын болады. Хатшы болып жас ақын, облыс әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Нұрболат Сатымқұл бекітілді.

Жалпы, жас қаламгерлердің шығармашылығын дамыту мен насихаттау бағытында жұмыс істейтін кеңес әдебиет пен өнер салаларында жастар саясатын жетілдіру, әдеби форумдар, мүшәйралар мен өзге де шаралар өткізу, аталған бағыттағы ұйымдармен байланыс орнатып, жұмыс жүргізу секілді мәселелерді де назарға алады. Жергілікті атқарушы органдарға мәдениет саласында туындаған сұрақтар бойынша консультативті көмек көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне маңызды деп тапқан мәселелері бойынша ұсыныстар беруге құқылы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close