Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Мойынқұм ауданында бір отбасы баспаналы болды

Рамазан айында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында қайырымды жанның арқасында бір отбасы баспаналы болды, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА Мойынқұм ауданы әкімінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты, «Үркер» шаруа қожалығының жетекшісі Бәкір Әміреқұлұлы Исабековтің есімі аудан жұртшылығына қолы ашық, жүрегі жомарт, әр түрлі іс-шараларға демеуші болып жүрген азамат ретінде кеңінен таныс. Қасиетті Рамазан айында бұл кісі тағы да бір қайырымдылық іс жасады. Ол Мойынқұм ауылының тұрғыны, көпбалалы отбасыдан жеке үй болып шыққан Ержан Қариевтің отбасына 80 шаршы метр болатын жеке үй сатып алып берді. Үш баланың ата-анасы Ержан мен Назгүл көп жылдардан бері Бәкір басқаратын шаруа қожалығында механизатор болып еңбек етеді. Аудан әкімінің орынбасарлары Бақытжан Есеев, Бақытжан Қалымбетов, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Көшкімбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айбат Байғонысов Ержан мен Назгүлдің қуаныштарына ортақтасып, арнайы келіп құттықтады. Жаңа үй иесінің көрші-қолаңдары мен ағайын-туыстары шашу шашып, қоныс тойын тойлаушы отбасына сыйлықтарын ұсынып жатты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close