Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғамӘлеумет

Жамбылдық 138 отбасы өзге облыстарға көшуге ниет білдірді

Жамбыл облысында Солтүстік облыстар өкілдерінің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ».

27 мамырда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен СҚО, ШҚО, Қостанай, Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру аясында өткен бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде солтүстік облыстардың 1255 жұмыс берушілерден 4659 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Аталған жәрмеңкеге 600-ден астам облыс тұрғындары қатысып, 11 ауданнан 138 отбасы көшуге ниет білдірді, оның ішінде СҚО – 42 отбасы, ШҚО – 44 отбасы, Павлодар облысына – 25 отбасы, Қостанай облысына – 27 отбасы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close