Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Т.Рысқұлов ауданында көпбалалы отбасы баспаналы болды

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында жомарт жанның арқасында көпбалалы ана баспаналы болды,- деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Жамбыл облысында қасиетті Рамазан айында қайырлы іс жасап, мол сауапқа кенеліп жатқан кәсіпкерлер қатары күн санап артып келе жатқаны қуанарлық жағдай. Әсіресе, көпбалалы отбасыларына баспана сыйлап, дүйім жұрттың ризашылығын алып жатқандар аз емес. Солардың бірі Т.Рысқұлов ауданындағы «Golden compass Jambyl» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Құрбан Изалов мырза мен ұжымдастары. Олар жеті бала тәрбиелеп отырған Құрманова Әсел Ертайқызына Луговой ауылынан шаруашылыққа қажетті барлық жағдай жасалған15 сотық жер телімі бар үй сыйлады. 140 шаршы метрді құрайтын үй жөндеуден өтіп, газға қосылып, жаңа иелерінің тұруына барлық жағдай жасалған.

Пәтер кілтін табыстау рәсімінде сөз сөйлеген аудан әкімі Ерболат Садырқұлов көпбалалы отбасын қуанышымен құттықтап, демеушілерге алғысын жеткізді. Өз кезегінде Әсел Ертайқызы аудан әкімі мен демеушілерге алғысын білдірді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close