Басты бетЖаңалықтарХабарландыруҚоғамӘлеумет

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы №922 қаулысымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекітілген. 

Аталған бағдарлама аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта көлемі 80м2, 116м2, 125м2 құрайтын 255 жеке тұрғын үйдің құрылысын «Ремстрой-СС» ЖШС, «Компания Сырым Блеке» ЖШС, «KCC Construction» ЖШС, «Damdes құрылыс invest» ЖШС жүргізуде.

Осыған байланысты, 2005 және 2006 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер теліміне арнайы кезекте тұрған азаматтарды «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға шақырамыз. 

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру бойынша арнайы құрылған штаб Тараз қаласы, Жүнісалиев көшесіндегі №1 үйдің №2 іс-бөлмесінде орналасқан.

Байланыс телефондары: 43-54-77, 43-71-15. 

Тараз қаласының әкімдігі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close