Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараздықтардың басты мәселесі – баспана

Тараз қаласында жеке тұрғын үйлердің құрылысына қатысты Сүлейменов көшесінің соңында несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылысы жүргізілуде, − деп хабарлайды «Ақпарақ».

        Жуырда Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев ардагерлермен өткен кездесуде алға қойған жоспарларымен бөліскен еді. Сол жиында баспана мәселесіне де ерекше тоқталған қала басшысы жеке тұрғын үйлердің құрылысы мен бағасына тоқталып өткен болатын. Сонда «Елбасының тапсырмасына сәйкес, халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру  мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 20,4 га алқапта 205 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде» деп мәлімдеді қала әкімі. Бағдарламаға сәйкес тұрғын үйлердің құны 1 шаршы метр – 120,0 мың теңге екен. Аталған үйлер 3 түрлі жобада: 68 үй (80 шаршы метр) – 9,6 млн.теңге; 68 үй (116 шаршы метр) – 13,92 млн.теңге; 69 үй (125 шаршы метр) – 15,0 млн.теңге. Қала әкімі Қайрат Досаев бағдарлама аясында 2018 жылы 5 үй пайдалануға берілсе,  биыл 9 үй («Ремстрой-СС» ЖШС-4 үй, «Компания сырым блеке» ЖШС-5 үй) пайдалануға тапсырылғанын айтып, одан бөлек 51 үйдің құрылысы, оның ішінде 9 үй бойынша ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, 7 үй бойынша қабырғалары көтерілгенін, 11 үй бойынша іргетастары салынып, 15 үйдің сыртқы жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары бітпегенін, 9 үй бойынша траншеялар дайындалғанын жеткізген болатын. «Бүгінгі таңда, жеке тұрғын үйлер магистралдық инженерлік инфрақұрылыммен (газ, су, кәріз) қамтамасыз етілген екен. Уақытша электрмен, ауыз су және кәріз суымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары толық аяқталған, әр үйге қосу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге, салынған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жандандырып, тұрғындарға қолайлы түрде тапсырылуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы штаб құрылып, 115 еріктілер (волонтер) тартылып, кезекте тұрған азаматтарға  7421 ескерту хат таратылды. Оның ішінде  3192 азамат бағдарламаға қатысуға ниет білдірген. Ал,  141 азаматқа бағдарламаға қатысу үшін   төлем қабілеттілігін анықтау мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама берілді. Оның ішінде 10 азаматтың алдын ала төлем қабілеттілігі расталды», − деді Қайрат Досаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close