Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл облысында емдеу мекемелеріне жаңа көліктер берілді

Жамбыл облысында емдеу мекемелеріне жаңа көліктер берілді, – деп хабарлайды «Ақпарақ». 40­қа жуық медициналық жедел жәрдем көлігінің кілтін салтанатты түрде облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан  Дауылбаев тапсырды.

Оның ішінде Жамбыл, Жуалы және Шу аудандарына – 3 автокөліктен берілсе, Қордайға – 11,  Меркі, Мойынқұм мен Сарысуға – 2, Тұрар Рысқұлов – 9,  Талас ауданына 1 автокөлік берілді.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан  Дауылбаев жалпы облыста 390 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсететінін, оның 29-ы аурухана, 350­і амбулаториялық емхана және 11-­і басқа мекеме екенін айта келе, 2018 жылы мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберіндегі 29 нысанның құрылысын салу барысында өзге өңірлердегі бюджеттік инвестициялық жобалармен салыстырғандағы құны төмен болып,  1,4 млрд. теңге бюджеттік қаражат үнемделгенін жеткізді. «2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде облыс аумағындағы елді мекендерде 65 денсаулық сақтау ұйымдарының ғимараттарын салу жоспарланған. Осылайша, өңірде 2020 жылға дейін қажетті  ғимараттар салу мәселесі 100 пайыз шешіледі. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде облысымызға 2017 жыл мен 2019 жылдың 6 айында 256 жас маман келді. Денсаулық сақтау министрлігінің бөлінісі  бойынша 185 жас маман облысқа жолдама алды. Оның ішінде 79-ы қалаға, 106-сы ауылға. 2019 жылы 7 айында облысымызға 37 жас маман келді. Оның ішінде өз еркімен келгендердің саны  – 20. Жалпы, келген 37 жас маманның ішінде 9­-ы қалада, 28-­і аудандарда еңбек етуде», − деді Еркебұлан  Дауылбаев.

Айта кетейік, қалалық жедел жәрдем станциясында 2014 жылы 56 санитарлық автокөлік болған, сол жылы облыстық бюджеттен 4 көлік алынып, барлығы 60 көлік болды. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап жедел жәрдем қызметі орталықтандырылып, “Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясы” болып өзгертілді. 2018 жылы 253,0 млн теңгеге 27 автокөлік сатып алынған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close