Басты бетЖаңалықтарСаясат

Жылыту маусымына әзірлік пысықталды

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Сарысу ауданына барды, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА. Аудан орталығындағы орталық қазандықтың жылыту маусымына әзірлігін тексерген Бекболат Орынбеков құрылысы жүргізіліп жатқан үймен қатар аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының, Жаңатас Жел Электр станциясының, «ЕвроХим-Тыңайтқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.

Сондай­ақ, Түркістан ауылдық округінде болған Б.Орынбеков ауыл қарияларымен кездесіп, пікірлерін тыңдап, өтініштеріне құлақ түрді. Бұдан кейін аудан орталығында қорытынды жиын,2019-2020 жылдардағы жылу  беру маусымына дайындық барысы туралы көшпелі штаб отырысы өтті. Ол жерде көмірмен қамту нысандарын, бюджеттік нысандарды,  орталықтандырылған жүйемен жылу алатын көпқабатты тұрғын үйлерді және барлық  инфрақұрылымдық желілерді жылыту маусымына уақытылы және сапалы дайындау мәселесі қаралды. Штаб отырысын қорытындылай келе, Б.Орынбеков жылу  беру маусымына дайындықты күшейту керектігін айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close