Басты бетЖаңалықтар

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

2 кыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тікелей бастамасымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мен «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері аясында 30 жалпы орта, 3 негізгі мектептерде  бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

1 қыркүйек – Білім  күні мерекесіне орай өткен іс­шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанымен ерекшеленді.

Жалпы, жыл сайын өтетін «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Сол себепті де, бұл іс­шарада жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жайы сөз етілді. Сонымен қатар, жиында оқушыларға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылды. Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді. Осы шараларды жүргізу барысында тыңдаушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауап берілді және олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы алда өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырылды. Сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарын көрсетіп, олардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Оқушылар сыбайлас жемқорлық түрлерін саралап, оған жол бермеу туралы пікірлерін қосты. «Адалдық сағатында» білім алушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл  қасиет екендігі жіті түсіндірілді. Осылайша, өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік сынды құндылықтарды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс­шара жоғары деңгейде өтті.

Айта кетейік, бұл игі бастама дәстүрлі түрде жыл сайын 1 қыркүйек – Білім күнінде басталып, оқу жылының соңына дейін  жүйелі түрде   еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп келеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close