Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Келешекке кемел біліммен

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2019-2020 жаңа оқу жылына арналған педагог ұстаздар қауымдастығының Тамыз мәслихатының секциялы отырысы өтті, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Тамыз айының соңғы онкүндігінде ұйымдастырылған шара «Келешекке кемел біліммен» тақырыбында өткізілді. Секция отырысы 4 білім ошағында, атап айтқанда №1 мектеп гимназиясында, Д.Қонаев атындағы №19 мектеп гимназиясында, №15 мектеп лицейде, №29 орта мектебінің базасында ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Іс­шараларға мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасарлары,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың құқық ісі жөніндегі орынбасарлары,  педагог­психолог, әлеуметтік педагог, өзін-өзі тану мұғалімдері қатысты.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бадарламалық мақаласында ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап өткен болатын. Аталмыш мақалада төртінші басымдық ретінде білімнің салтанат құруы айтылады. Білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келе, табыс тізгіні білімді жастардың қолында екеніне назар аударды.

Білімді ұрпақ қашан да ұлттың ұстыны екені даусыз. Жастардың жаһандық бәсекеге қабілетіне қайрай түсуде мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі бастамалар қатары қалың. Азуын айға балаған алпауыт мемлекеттер сапында сүрінбеу үшін егемен елдің ертеңі болар жастарымыздың білім көкжиегін кеңейтудегі бағдарламалар да өз нәтижесін беріп келеді. Өскелең ұрпақтың дамуына аса зор мүмкіндіктер жасап келе жатқан Елбасы Жолдаулары мен бағдарламалары Мәңгілік Елдің тізгінін ұстар ұрпақтың игілігі үшін, Ұлы Даланың өміршеңдігі үшін екендігін түсіну де қиын емес. Қоғамның даму кілті білімділердің қолында екенін ескерсек, білім беру мекемелеріне де артылар жүк ауыр. Білім көкжиегіде кең қанат сермеу үшін кемел біліммен болашағына бағыт алған әрбір жас Хәкім Абай айтқандай осы дүниенің кетігін тауып, бір кірпіші болып қалануды мақсат етуі шарт.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close