Басты бетЖаңалықтарҚоғам

САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиындар Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы мектептерде де жоғары деңгейде өтті, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 39 білім беру мекемелерінде ұйымдастырылған шаралар «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында өтті.

Жиын барысында  өнерлі оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, алғашқы қоңырау соғылды.

Жалпы, 1 қыркүйек – Білім күні, әрқайсымыздың өмірімізде ерекше орын алатын маңызы бар айтулы мереке. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқушылар білім нәрімен сусындауға білім ордаларына асығуда. Жаңа басталған оқу жылында мектептер жаңа оқушылармен толығуда. 1 қыркүйек – балалардың мерекесі. «Өйткені, бұл күні барлық калалар мен ауылдарда тұратын кішкентай бүлдіршіндер сөмкелері мен кітаптарын алып, тұңғыш рет класс есігін ашу үшін томпаңдап, мектепке бара жатады!». Егер еліміздегі барша мектепті бір жерге жинар болса, онда ол пәлен миллион шәкірті бар алып мектеп-қала болар еді! Егер 1 қырқүйек күні балалардың мектепке әкелген гүлінен бір гүлшоғын жасар болса, оны салып қою үшін дәл стадионның аумағындай ыдыс керек болар еді! Егер барша мектептің қоңырауы бір жерден кағылар болса, онда олардың көңілді күмбірі жұмыр жерді тербелтер еді. Еліміздің әрбір балақаны үшін мектепте орын дайын тұрады. Бізде барлық баланың оқып, білім алуына қақысы бар. Мұның бер жағында: олар оқуға міндетті. Мектепте 11 класс бар. Бұл шексіз білім биігіне апарар алғашқы 11 баспалдақ іспетті. Әр баспалдаққа шығып, өрлеген сайын айналаң айқын көріне бастайды. 

 Білім күні  – жарық мереке, кітап мерекесі, гүлдер, достар мерекесі. Мектепке келіп, жақсы білім алу – оқушының ең басты міндеті. Өйткені бұл мектепте үшін барлық жағдай жасалған.   Білім күні – бұл ең алғаш қоңырау, көп әсем гүлдер және ақ бантик күні, әрине, дәстүрлі ең алғаш сабақ, әлем сабағы. Мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған балалар үшін бұл күн өте маңызды, көптен күткен күн.  Юлий Цезарь: «Білім – ол қуат» деген. Бүкіләлемдік Білім күні – бірінші қыркүйекті тарихта осылай атаған. Бүкіләлемдік, өйткені мектеп ең маңызды әлеуметтік институт, бұл күні балаларды да, ересектерді де бірлестіріп осы шараға жинайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close