Басты бет

Жуалы ауданында марафон өтті

Жамбыл облысы Жуалы ауданында марафон өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі. Аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен спорттық шараға аудан тұрғындарымен қатар, мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімдері, спорт мектептерінің жаттықтырушылары, ауылдардағы спорт нұсқаушылары қатысты.

Жалпы 100-ге тарта адамның басын қосқан марафонның ашылуы Жібек жолы көшесінің бойындағы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішінің алдында өтті. Марафонды аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов ашты.

Спорт – денсаулық кепілі. Дені саудың – жаны сау. Сондықтан да Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке халықтың спортпен шұғылдануына, саламатты өмір салтын ұстануға барынша жағдай жасауды тапсырды. Бүгінгі шараның мақсаты да осы,- дей келіп, Мақсұтбек Әбдіұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Көп кешікпей марафон да басталды.

Қатысушылар 2 шақырым 400 метр қашықтыққа жүгірді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, жарыс нәтижесінде Қызыларық ауылдық округінен Ринат Жаппаров сынды азамат І орынды иеленді. Жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан Диплом мен медальдар, естелік сыйлықтар тапсырылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close