Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Биыл Таразда бірқатар көшелер жөндеуден өтеді, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Мәселен, ағымдағы жылы «Арай» алқабының барлық көшелері мен бұрылыстарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Жалпы ұзындығы 31,086 шақырым жолға асфальт жабындысы төселеді. Жобаның жалпы құны 584 млн. 522 мың 581 теңгені құрайды. Жалпы жоба 4 комплекске бөлінген. Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды. Ол − «Айя-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Тараз қаласы әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы қала бюджетінде жол құрылыстарына 2 160 млн. теңге қаралған. Бұл қаражаттарға «Бұрыл А,Б,В» тұрғын алқаптарының 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне қиыршық тас жолдарының және Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта ішкі кварталдық автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы қаладағы 136 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына  1 млрд. 511,1 млн. теңге бөлінген. Қоғамдық көліктер қатынайтын ұзындығы 740 шақырым құрайтын 83 көшеде көлемі 22600 м2 шұңқырларды қалыпқа келтіру үшін 100,0 млн.тг бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің  71 000 м2 құрайтын аулаларын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 250 млн. тг қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша, биыл Таразда бірқатар көшелер жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр. Ендігі кезекте межедегі жөндеу жұмыстары толық жүргізіліп, оның сапасына ерекше мән берілсе құба-құп. Жалпы, жолдардың жай-күйі жергілікті халық үшін аса маңызды мәселелердің алдыңғы қатарында екені жасырын емес. Және оның толық шешілуіне жергілікті билік те атсалысуда деп нық сеніммен айта аламыз. Оған жылда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары дәлел. Дей тұрғанмен, мәселе сол жұмыстардың қаншалықты сапалы орындалуында жатқан сыңайлы. Ол орындаушылардың еншісіндегі шаруа десек те, тапсырыс берушілер тарапынан бақылаудың жоғары болуы маңызды-ақ. Бұл тұрғыдан алғанда да біраз шаралар қолға алынып жатқан сыңайлы. Ендеше, алдағы уақытта жол жөндеу жұмыстары толық және сапалы орындалып, халықтың игілігіне беріледі деген ойдамыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close