Басты бетЖаңалықтарСаясат

Таразда Жолдауға арналған жиын өтті

Жуырда Тараздағы «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «№51 Бәйтерек бастауыш партия ұйымының» қолдауымен мекеме қызметкерлерін Жолдаудың басты бағыттарымен таныстыру мақсатында жиын өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпараттық агенттігі.

Өздеріңізге белгілі, биыл қыркүйек айының 2-ші жұлдызында Қазақстан  Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жариялаған болатын. Осыған орай, «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында мекеме қызметкерлеріне Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру және оның іске асу жайларымен таныстыру мақсатында жиын өтіп, оған «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанәділ Оспанов пен Ботагөз Желден есімді кеңесші қатысқан болатын. Жиында көптеген жәйттар қаузалып, қонақтар өз пікірімен бөлісті. Мәселен, Жолдауда айтылған кей мәселелерге тоқталып өткен Жанәділ Оспанов: «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары    саналады. Президент Әкімшілігінде азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылғандығын атап өтті. Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағымдар нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін көрсетеді. Енді бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешімдер қабылдаған жөн. Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсаймыз делінген Жолдауда», – деді өз сөзінде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close