Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 4 АДАМ СІБІР ЖАРАСЫН ЖҰҚТЫРҒАН

Жамбыл облысында 4 адам сібір жарасы ауруын жұқтырып, ауруханаға түсті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі. Науқастарға аса қауіпті індет мал сойған кезде жұққан деген болжам бар.

Ақ халаттылар бүгінде аса қауіпті індетке шалдыққан 4 науқастың жағдайы қалыпты деп отыр. «Қазіргі кезде науқастар тиісті ем қабылдауда. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 20 күн болады. Сібір жарасы адам өміріне өте қауіпті індет», – дейді Жамбыл облыстық инфекциялық аурулардың қатерлерін бақылау кеңестік-әдістемелік орталығының жетекшісі Гүлфайра Мырзабекова. Бүгінде науқастармен байланыста болған 44 адам мен ауылдың мал дәрігері қатаң бақылауға алынған.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірде Сібір жарасының шығуына байланысты пікір білдірді. «Түйнеме ауруымен 4 адамның ауырғандығы анықталды. Олар ауруханға жатқызылған. Дәрігерлердің мәлімдемелеріне сәйкес, бүгінгі таңда олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Ал, енді олармен байланыста болды делінген адамдар да тексеріліп жатыр. Мұнан бөлек, орын алған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, заң аясында тиісті шаралардың барлығы атқарылуда», деді Асқар Мырзахметов. Әкімнің айтуынша, өңірде карантин енгізу үшін Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігерінің ресми шешімі қажет екен. Алайда қазіргі уақытта Ветеринария комитеті тарапынан облыс әкімдігіне ешқандай құжат келіп түспеген. Әкім сондықтан да әкімдік өздігінен карантин енгізе алмайтынын айтты. Бірақ, осы мәселеге орай Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен облыстық арнайы штаб құрылып, тиісті басшыларға аурудың ошағын анықтау үшін тапсырмалар берілген. Сонымен қатар, қазір облыста тұрғындардың сібір жарасын неден жұқтырғанын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close