Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Отбасы – ұлттық құндылықтардың қайнар көзі

13 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданының орталығы саналатын Б.Момышұлы ауылындағы орталық кітапханада Отбасы күніне орай «Отбасы – ұлттық құндылықтардың қайнар көзі» тақырыбында жас отбасылармен кездесу өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Бауыржан Момышұлы ауылындағы жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы, «Инабат» қыздар клубының жетекшісі Эльмира Сүйінбаеваның ұйымдастыруымен өткен іс-шараға ауданның көркеюіне үлес қосып жүрген, үлгілі, белсенді, жалынды жас отбасылар қатысты. Кітапхананың «Білім орталығы» залында қыза түскен кездесуде жиылған жас отбасылар бар білімін ортаға салып, кездесуді қызықты етіп өткізді. Қатысушылар сөз сөйлеп, өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті. Жиын соңында белсенділік танытқан отбасылар Алғыс хатпен марапатталып, естелікке суретке түсті.

Жалпы, елімізде отбасы күнін атап өту отбасы институты мен некені нығайтуға , сонымен қатар имандылық пен руханилықты насихаттауға негізделгені белгілі. Бүгінгі таңда отбасылық құндылықтарды халық санасына сіңіру аса маңызды болып отырғаны жасырын емес. Себебі, бұл мәселе демографиялық саясаттың әуелгі факторы ретінде өз маңыздылығын әлдеқашан дәлелдеген. Сол себепті де, еліміздің түкпір-түкпірінде, жер-жерлерде өткізіліп жатқан іс-шаралардың артықшылығы басым. Мәселен, жоғарыда айтып өткеніміздей Жуалы ауданында өткізілген іс-шара отбасының оң имиджін насихаттау арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аудартады. Жалпы, отбасы күнін мерекелеу біздің қоғамымызда ерлі-зайыптылықтың маңызды жауапкершілігін, адамгершілікті, руханилықты, өзара сыйластық пен құрметті нығайтуға көмектеседі. Сондықтан да, жергілікті жерлерде ұйымдастырылып жатқан игі шараларды барынша қолдап, насихаттап тұруымыз керек деген ойдамыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close