Басты бетЖаңалықтарМәдениет

Таразда «Ашық есік» күні өтті

Бүгін Тараздағы Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Ашық есік» күні өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпараттық агенттігі.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесе отырып өткізген іс-шара барысында театр, музыка, кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана мен музей салаларының жұмысы таныстырылды. Мәдениет, өнер және архив қызметкерлері, БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі белсенділері қатысқан шара шымылдығын облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев ашты.

Жалпы, шараның мақсаты – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмысымен таныстыру. Сондай-ақ, Жамбыл облысында мәдениет саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды көрсету болатын. Шара аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасын, облыстық кино орталығын, облыстық қазақ драма театрын, облыстық тарихи-өлкетану музейін, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясын аралап, атқаратын жұмыстары таныстырылды.

Негізінен, бұл іс-шара өзгешелеу болып ұйымдастырылды және келушілерге мол мағлұмат беріліп, тың мәліметтерге қанық болып қайтуын мақсат тұтты деуге болады. Әрине, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмысы туралы білу кім-кімге де қызғылықты болары сөзсіз. Оның үстіне бұл Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтсақ «…мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр». Сол себепті де, ол өте маңызды салалардың бірі болып табылады. Және қызығушылық танытқан келушілер үшін бұл шараның маңызы зор болды деуге әбден негіз бар. Ашық есік күніне келген қонақтар жалпы 6 мекемені аралап, әрқайсысымен танысып шықты. «Ашық есік» күні барысында өздерінің көкейінде тұрған сұрақтары қойылып, мәдениет саласының тыныс-тіршілігі туралы толық мағлұмат ала білді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close