Басты бетЖаңалықтарСаясат

Жуалыда жаппай диктант жазу акциясы өтті

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде сағат 10.00-де Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы қызметкерлері арасында «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы» атты жаппай диктант жазу акциясы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйек күнгі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын негізге ала отырып өткізілген акцияның негізгі мақсаты латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімдеу. Акцияға қатысушылар диктантты арнайы белгіленген орында жазды.

Жалпы, халықты жаңа әліпбиге үйрету жұмыстары ілкіден басталып кеткен. Мәселен, соңғы кездері мемлекеттік мекемелер, оқу орындарында жаңа әліпбимен диктант жазу жұмыстары жүргізілсе, баспасөз беттерінде латын әліпбиін­де жазылған мақалалар жарық көре бастады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық Egemen Qazaqstan мен Aıqyn газеттеріне берген сұхбатында айтқан болатын. «Көрші мемлекеттердің көп­шілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 па­йызы латын графикасында жарық көреді. Ал ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам. Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз. Бірақ қоғамдық пікір, әліпбиді қолдану бары­сын­дағы артықшылықтар мен олқы­лықтар ескеріледі», – деді Тоқаев.

Естеріңізде болса, Елбасы 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асқан тарихи күн болған еді. Осы күннен бастап жаңа әліпбидің бірнеше нұсқалары пайда болған еді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close