Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жылу қазандықтарының қысқа әзірлігі пысықталды

Жуырда алтыншы шақырылған Тараз қалалық мәслихаттың кезекті қырық сегізінші сессиясы өтіп, күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде шаһардағы жылу қазандықтарының қысқа әзірлігі пысықталды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі хабарлайды.

№25 сайлау округінің депутаты Нариман Мауленов төрағалық еткен сессия барысында Тараз қаласының қысқа дайындығы сөз етілді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов баяндай келе, ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап «Жамбыл-Жылу» МКК тұтынушыларын ыстық су жүйесіне қосу жұмыстарын бастағанын жеткізді. «Темір Жол-Жылу» МКК мекемеде шығынның қалыптасуына байланысты ыстық су жүйесін жылумен бірге қосады. «Таразтрансэнерго» МКК қазіргі таңда М-4 жылу магистралін қысым арқылы сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесі бойынша ақаулар орын алмаған жағдайда ыстық су жүйесіне қосуды жоспарлап отыр. Шаһарда жылу қуатын өндіруші қазандықтардың жалпы саны – 55, қазандықтарда 171 негізгі қазан жұмыс істейді және 90 резервтік қазан орналасқан, – деді Бейсенбек Керімбекұлы. Сондай-ақ ол қалаға қар түскен жағдайда сақтық шаралары үшін тас жолға себілетін инертті материалдар көлемінің жеткіліксіздігін хабарлады. «Қазіргі таңда қоймаға қысқы маусымда қала ішіндегі жолдарды күтіп ұстау үшін 50 тонна тұз және 1000 текше метр құм ғана жатыр. Осы қыркүйек айында 700 тонна тұз жеткізіледі», – деді ол. Бұдан кейін тұрақты комиссия төрағасы Жұмабек Бөлекбаев сөз алып, кемшіліктермен қатар ұсыныстарын да жеткізді.
Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Нұрбол Базарбайұлы, тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғазиз Ералиев баяндама жасап, депутаттар сауалына жауап берді. Жиынды қорытындылаған қала басшысы Қайрат Досаев сессияда айтылған мәселелерді назарда ұстайтынын жеткізді. Жиын соңында қалалық мәслихаттың кезекті қырық тоғызыншы сессиясының төрағасы етіп №2 сайлау округінің депутаты Берік Ақшаловты сайлады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close