Басты бетЖаңалықтарСпорт

Кіші футболдан Тараз қаласының ашық біріншілігі өтуде

Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысының 80 жылдығына орай 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында кіші футболдан жарыс өтуде, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

 2019 жылдың 10 тамыз бен 12 қазан аралығында «Ұлан», «Айбек Арена», «Монтажник» стадиондарында өтіп жатқан Тараз қаласының ашық біріншілігіне8 командадан тұратын 144 футболшы  қатысуда.

Алдын ала берілген нәтижелерге көз тігер болсақ:

М Команда И В Теңде — тең АС Доп Ұпай
ВП ПП
1 ФЦ «Тараз» 2007 ж.т. 4 3 0 0 1 13-6 9
2 ФЦ «Тараз» 2009 ж.т. 4 3 0 0 1 10-7 9
3 ФК «Улан-1» 2008 ж.т. 4 3 0 0 1 9-6 9
4 ФК «Монтажник» 2008-2007 ж.т. 4 2 1 0 1 8-5 8
5 ФЦ «Тараз-1» 2008 ж.т. 4 2 0 1 1 14-4 7
6 ФК «Улан»2007 ж.т. 4 2 0 0 2 10-12 6
7 ФЦ «Тараз-2»2008 ж.т. 4 0 0 0 4 5-10 0
8 ФК «Улан-2» 2008 ж.т. 4 0 0 0 4 1-20 0

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен, дипломдарымен, жалпы командалық кубоктармен марапатталады.

Жалпы, мемлекет тарапынан тұрғындардың денсаулығына ерекше мән беріліп келеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтардың 30 пайызы 2020 жылға дейін белсенді түрде спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы тиіс деп атап кеткен болатын. Бүгінде жер-жерлерде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Оған қоса аула клубтары да тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына себеп болуда десек артық айтқандық емес. Қазіргі таңда баланың қызығушылығына септігін тигізіп, икеміне қарай жаңа қырынан танылуына, өмірлік жолын анықтауда  аула клубтарының маңызы зор. Бұдан бөлек кіші футболдан да түрлі жарыстар өтіп тұрады. Ал жасөспірімдер арасында өтіп жатқан бұл іс-шараның маңыздылығы ерекше зор. Ол жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатын көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласының ашық біріншілігі Жамбыл облысының 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр және оған 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер қатысуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close