Басты бетЖаңалықтарӘлеумет

Жамбыл облысының әкімі жастармен кездесті

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жастармен кездесті. «Бәсекеге қабілетті жастар – еліміздің іргетасы» тақырыбында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен жиын еркін форматта әрі сұқбат түрінде өрбіп, шараға аталмыш оқу ордасының студенттері қатысты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар негізінен өңірдің өркендеуі, білім саласындағы өзгерістер, жастар жылына қатысты атқарылар шаралардың барысы, ерікті жастар, ел болашағы туралы ойларын ортаға салып, көкейде жүрген сауалдарына облыс әкімінен толымды жауап алды. Ал өңір басшысы жалынды жастарды тарихты танып, өткенді құрметтеуге, ата-баба дәстүрін ұлықтап, солардан дарыған тектілік қасиеттерді жаңғыртуға, еліміздің ертеңгі ұстынына айналу үшін білім дариясына барынша бойлауға шақырды. Сондай-ақ, қайырымдылық шаралары мен табиғатты аялауда аянбаудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында Асқар Исабекұлы студенттерге сәттілік тілеп, жиылғандар естелік суретке түсіп тарқасты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close