Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Табиғи газ датчиктері орнатылуда

Тараз қаласы аумағындағы тұрғын секторларында газ сараптауыш орнатылуда.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының мекемесімен бірлесіп, «Өрт қауіпсізідігі айлығы» кезеңінде алдағы жылыту маусымы қарсаңында адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын, сондай-ақ улы газдан улануын болдырмау мақсатында Тараз қаласы аумағындағы тұрғын секторларында газ сараптауыш орнатылуда. Бүгінгі күнге 1673 дана газ сараптауыш орнатылды.

Тұрғын үйде автономды сигнализатор немесе улы газ датчигін орнату арқылы улы газдан уланудың алдын алуға болады. Ағымдағы жылдың басынан Тараз қаласы аумағында  табиғи газбен улану бойынша 3 факті  тіркеліп, оның ішінде 1 адам қайтыс болды және 4 азамат табиғи газдан зардап шекті.

Жалпы, төтенше жағдайларды болдырмау, адамдардың өлімі мен жарақаттануының алдын алу үшін алдағы жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздік ережесін сақтау қажет. Атап айтқанда: Үйге (пәтерге, саяжайға) өздігінен газ тартуға, газ жабдығын орнатуға, газ құралдары мен тығын арматурасын ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады. Мұндай жұмыстарды білікті мамандар ғана нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізе алады; Газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін мамандар кірпіштен салынған мұржаларды тоқсанына бір рет тазалайды,  ал әк пен цементтен жасалған және металл мұржаларды жылына бір рет жылыту кезеңінің алдында тазалайды; Жылыту құралдарын қосардың алдында міндетті түрде мұржаның түтін тартуын тексереді; Жеке үйлерде мұржа қатып қалмауы үшін қысқы уақытта оны орау керек; Іске қосылған мұржаны кірпішпен, сондай-ақ мұржадағы жапқышпен жабуға болмайды; Мұржаның бас жағына құс ұя салмауына, сондай-ақ  жауын-шашын тамбауына орайластырылып жасалуы тиіс; Газдандырылған пештер мен мұржалардың қалауы, сылағының тығыздығы өзгерген (жарықтар пайда болғанда) кезде пайдалануға болмайды. Мұржаларда және су жылытқыштың түтін шығаратын құбырларында өз бетінше қосымша шиберлер орнатуға тыйым салынады; Терезе (фрамуга), жалюздер және желдеткіш арналары жабық болса, мұржаларда, желдету арналарында және ванна бөлмесінің есігі астында түтін тартатын қуыс болмаған жағдайда газ құралдарын қолдануға болмайды.

Омар Такеев, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close