Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Таяуда Таразда өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлері мен Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен өткен іс-шара қаладағы өрт сөндіру бөлімдерінде қыза түсті. Нақтырақ айтсақ, Тараз қалалық №1, №15 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және №4 өрт сөндіру бөлімінің аумағында өткен «Ашық есік күні» барысында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру мекемесі жарағындағы заманауи құтқару техникалары мен құтқару жабдықтарының көрмесі өткізілді. Бұл шараға Тараз қаласы әкімдігінің білім мекемелері, оның ішінде №12 орта мектептің,  №3 гимназияның  оқушылары қатысты.

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Кайрат Оразбаевтың сөзімен айтқанда оқушылар экскурсия барысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби жұмыстары туралы қызықты әңгімелерге қанық болып, оларды қысқа мерзім ішінде биік қабатты ғимараттарға шығу, тілсіз жаумен алысу айла-тәсілдері, өрт сөндіру және құтқару техникалары мен құрал-жабдықтары, үйінділер астындағы зардап шегушіні алып шығу, күрделі орындарға кіру тәсілдері тәнті етті. Барлық құтқару техникаларын тамашалаған балалар, өз кезегінде түрлі сипаттағы құтқару жабдықтары мен қорғау дулығаларын қызығушылықпен киіп көрді. Сондай-ақ оқушылар сала бойынша арнайы мұражайға бас сұғып, өртке қарсы қызметінің құрылу тарихымен кеңінен танысты. Сонымен қатар бүгінде көненің көзіне айналған өрт сөндіру-құтқару жарақтарын қолдарымен ұстап көріп, таңданыстарын жасырмады. Осылайша, өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, көкейінде жүрген сауалдарына жауап алып, тарқасты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close