Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Биыл Таразда 15 көпқабатты тұрғын үй жөнделеді

Таразда өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. 2011 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде осы бағдарлама аясында 4,046 миллиард теңгеге 228 көпқабатты тұрғын үй жөнделді, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мәліметіне сүйеніп.
Оның ішінде 2011 жылы – 326,25 миллион теңгеге 33 үй, 2012 жылы – 572,5 миллион теңгеге 46 үй, 2014 жылы – 544 миллион теңгеге 23 үй, 2015 жылы – 715,3 миллион теңгеге 30 үй. 2013 жылдан бастап тұрғындар жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражатты қайтара бастады. 2013-2017 жылдары қайтару сомасы 784 миллион теңгені құрап, 58 үй жөнделді. Оның ішінде 2013 жылы – 4 үй, 2014 жылы – 3 үй, 2015 жылы – 12, 2016 жылы – 20, 2017 жылы – 19 үй. Өткен жылы 31 көпқабатты тұрғын үй жөнделді. Жергілікті бюджет есебінен 320 миллион теңге және қайтарылып алынған қаражаттың 736,83 миллионына 16 үй толық жөнелді. Жоспар бойынша ағымдағы жылы 595,72 миллион теңге сомасына 15 үй жөнделуі тиіс, оның ішінде 410 миллионы қалалық бюджеттен, ал 185,72 миллион теңге қайтарымды қаржы есебінен. Қазір Төле би көшесіндегі №13, 15, 17, 19 үйлерді жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл бұрынғы «Шахристан» базарына қарама-қарсы үйлер. Бұл ескі екі қабатты ғимараттар 1953-57 жылдары салынған және содан бері бірде-бір рет жөндеу көрмеген. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен бұрынғы базардың орнына Жамбыл облысының 80 жылдығына орай «Шахристан» этномәдени орталығы салынуына байланысты ғимараттарға қарама-қарсы үйлерге ерекше шығыс стилінде болуы тиіс. Жаңғырту барысында шатыр, қасбет, инженерлік желілер ретке келтіріліп, осының барлығы ескі үйлерге тамаша көрініс береді. Жөндеу жұмысына жұмсалған қаражатты қайтару 15 жыл ішінде пайызсыз жүйе бойынша жүзеге асырылады. Шығынның жалпы сомасы – 80 миллион теңге, төлем сомасы тұрғын үй немесе бизнес нысанына байланысты. Мысалы, аумағы 49,4 шаршы метр шаштараздың жалпы өтеу сомасы 1,597 миллион теңге, ай сайынғы төлем – 8873 теңге. Ауданы 82,2 шаршы метр пәтердің ай сайынғы төлемі – 7,7 мың теңге.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close