Басты бетСпорт

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет туралы

«Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» 2014 жылғы 28 қазанындағы №56 бұйрығы және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы №19 бұйрығына сәйкес 1 мемлекеттік қызметті көрсетеді:

«Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегi екінші санаттағы жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегi екінші санаттағы нұсқаушы – спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санаттағы әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру». «Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметті тек Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетеді.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратымен стендтер орналастырылды (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің ресми сайтындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттары, регламенттері, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды.

Алдағы уақытта спорт саласындағы «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегi екінші санаттағы жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегi екінші санаттағы нұсқаушы – спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санаттағы әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру жұмыстары одан әрі жалғасатын болады.

О.Борисюк, Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close