Басты бетЖаңалықтар

Тараздық мұғалімдер халықаралық конференцияға қатысты

Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері Инна Аксенова мен Инна Богучарская Германияның Гамбург қаласында өткен ECER 2019 білім саласындағы ең ірі еуропалық конференциясына қатысты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Олар халықаралық ғылыми жұртшылық назарына «Тәуекелдер әлемінде PBL проблемалық-бағытталған оқыту қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби дамуына ұйымдастырушылық инновацияларды енгізу» тақырыбындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Педагогтардың айтуынша, ECER 2019 конференциясына қатысу білім беру саласындағы заманауи зерттеу үрдістерін анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, олар шетелдік әріптестерінің конференцияда ұсынылған зерттеу нәтижелері қолжетімді, әрі жоғары кәсіби деңгейде ұсынылғанын атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша Инна Аксенова мен Инна Богучарская Фридрих-Александр атындағы университеттің педагогика институты профессоры Майкл Голич басшылығымен ұйымдастырушылық оқыту саласындағы жетекші зерттеушілердің кәсіби қауымдастығына мүше болды. Қауымдастыққа мүше бола отырып, мұғалімдер халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта жаһандық және әлеуметтік қауіп-қатерлер әлемінде кәсіби дамыту бойынша жергілікті мұғалімдерге қолдау көрсетуді жалғастырады.

Биылғы жылы ECER әлемнің түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық жетекші ғалымдар мен білім беру саласының мамандарын жинады. Білім берудегі зерттеулер бойынша Еуропалық қауымдастық яғни EERA ұйымдастырған биылғы форум болашақ үшін білім беру зерттеулерінің рөліне арналды.

Естеріңізге сала кетейік, Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері Инна Аксенова мен Инна Богучарская халықаралық конференцияда ғылыми көпшіліктің назарына «Тәуекелдер әлемінде PBL проблемалық-бағытталған оқыту қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби дамуына ұйымдастырушылық инновацияларды енгізу» тақырыбындағы зерттеу нәтижелерін ұсынған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close