Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Таяуда Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының ІІІ тоқсандағы отырысы өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттгі.

Комиссияның 2019 жылдың басынан бүгінгі күнге дейінгі атқарылған жұмыстары бойынша өткізілген жиналысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, департамент қызметінің тергеушісі Батыржан Шамгунов, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының мүшелері, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Отырысты аудан әкімі Нарбай Ергебеков ашып, жүргізіп отырды. Нарбай Әбілқасымұлы сөз кезегін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің тергеушісі Батыржан Нұрланұлына берді. Тергеуші қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде хабарлама жасады.
Сонымен бірге аудан әкімдігінің білім бөілімінің басшысы Мәжит Айжанов және Боралдай ауылдық округінің әкімі Ғани Қуанышев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне бағытталған жұмыстардың 2019 жылдың 8 айында орындалуы туралы хабарлама жасады. Хабарламашыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев сұрақ қойып, өз ұсынысын жеткізді. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары тек жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, адалдық қасиеттерін сіңіру арқылы ғана нәтижелі болады. Ол үшін біз әрқайсымыз өзіміз іс-әрекетіміз, сөйлеген сөзіміз арқылы жастарға үлгі бола білуіміз керек. Әрқайсымыз өз жұмысымызды жанашырлықпен, жауапкершілікпен атқарайық. Іс-шаралардың санына емес, тиімділігіне, нәтижесіне мән беруіміз керек», – деді ол. Жиынды аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлы қорытындылады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close