Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Табыстың кілті – еңбекте

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Жуалы ауданына барып, «Злиха» шаруа қожалығына ат басын тіреді, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қожалық жетекшісі Керімқұл Бегалиев барлығы 317 гектар жері бар екенін айтты: оның 156 гектары картоп, 17 гектары арпа, қалғаны көпжылдық шөп. Шаруа қожалығы бүгінде 50 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын енгізген. Сондай-ақ, сыйымдылығы 600 тонна болатын жеміс-жидек және 1200 тоннаға дейін картоп сақтай алатын қоймалары бар. Бұдан бөлек «Гримме» картоп жинайтын толық агрегаттарымен жабдықталыпты. Осылайша, бүгінде аталған шаруа қожалығындағы техникалық жабдықталу жоғары деңгейде деп айтуға болады. Қажетті техника мен көкөніс қоймасы да бар. Дей тұрғанмен, бүгінде элиталы картоп тұқымын сатып алу мәселесі туындауда. Керімқұл Бегалиев картоп тұқымын жаңартуда облыстық бюджеттен қолдау болса деген ниетін білдірді. Оның өтініш-ұсынысы бойынша қажетті шаралар барысы зерделенбек.

Жалпы, «Злиха» шаруа қожалығы өңірдегі ірі ша­руашылықтың бірі. 1996 жылы алғаш бидай тұқымын себеді. Шағын шаруашылықтардың басын біріктіріп, егістік көлемін 480 гектарға дейін жеткізеді. Осылайша, бидайдан бөлек, 2000 жылы алғаш 1,5 гектарға картоп өнімін еге­ді. Ол кезде Бурный совхозы Орта Азия ел­дерін картоппен қамтамасыз етіп отырған, белгілі бірден-бір кеңшар болатын. Өнімге деген сұраныс та жоғары болды. Ал оны толықтай қанағаттан­дыру үшін картоп кө­лемін арт­тыруға тура келді.

Керімқұл Бегалиев шет­елдік технология­лар­­дың тиімділігін сезініп, шаруашылық­ты жаңаша қарқында дам­ыту тетігін қолға алған. Осылайша, шаруа­шы­лық 2006 жылы лизингке жаңа шетелдік техникалар сатып ала бастай­ды. Нәтиже­сінде, көрсеткіш гектарына 120 – 150 цент­нерге жетіп, кейіннен 220 – 250 цен­терге дейін өнім алуға мүмкіндік туды. Ал 2011 жылы гол­лан­дық тұқым себу техно­логиясы ар­қылы, өнім көлемін 430 центнерге дейін арт­тырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close