Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараз қаласының әкімі көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті

Жуырда Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев өзінің жеке қабылдауында болған «Алатау» мөлтекауданындағы №2 үйдің тұрғыны Б.Наурызқұлова мен Гоголь бұрылысы №56 үйдің тұрғыны Т.Монастырскаямен кездесті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімінің фейсбуктегі парақшасында жарияланған жазбаға сілтеме жасап.

 «Алатау» мөлтекауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын Братская көшесіне дейін жаяу аралаған қала әкімі Қайрат Әскербекұлы мұндағы тұрғындардың тазалыққа көңіл бөлмейтініне қынжылды. Есік алдында шашылып жатқан сусындардың бос бөтелкелері, күл-қоқыс жәшіктеріне жеткізілмеген қоқыстар, каналға тасталған қоқыстар, көше бойында сындырылған орындықтар, балалар ойын алаңшасының ұсқынсыз келбеті, т.б тұрғындардың салғырттығын көрсетті. Көпқабатты үйлердің тұрғындары ПИК құрамына кірмеген, жөндеу жұмыстарын өздерінің күштерімен жүргізуге шамалары келмейтінін жеткізді. Қала әкімі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес әрбір көпқабатты тұрғын үй кондоминиум объектісі болып заң орындарында тіркелуі, ортақ мүлікті күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар пәтерлердің меншік иелерінің жалпы жиналысының шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға міндетті сомасы болып табылатынын жеткізді. Одан кейін, «Жайлау» мөлтекауданында болған қала әкіміне мұндағы тазалықтың сақталу себебін аумақтың бас инспекторы С.Үсіпбеков баяндады. Мұндағы көпқабатты үйлердің 90 пайызы ПИК құрамында екен. Ал, қоғамдық жұмысшылар көмегімен скверлер мен бос жерлердегі шөптер орылып, тазалық жұмыстары жүргізіледі. Гоголь көшесінің тұрғындары қала әкімінен көшелерін асфальттап, жаяу жүргіншілер жолын салып беруді, сондай-ақ, өз күшімен салған балалар алаңшасына жарық орнатуды сұрады. Қайрат Әскербекұлы жарық пен жол мәселесін 2020 жылдың бюджетіне енгізуге уәде берді», – делінген жазбада.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close