Басты бетЖаңалықтарСпортҚоғам

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті

Жуырда Абай атындағы орталық кітапханада Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің және «Елім-ай Достық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының бірінші кезеңінің жеңімпаздарымен кездесу өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 1 кезеңінің жеңімпаздары жүзуден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, жүзуден 14 дүркін әлем рекордын жаңартушы, ел тарихында тұңғыш рет Параолимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Ғабидуллина мен Меркі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің жол потрульдік полицейі, аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ғалым Арыстанбаевпен болған кездесу барысында қонақтар өз өмірі жайлы баяндап, қатысушыларға қызықты мәліметтерді айтып берді. Мәселен, кездесу барысында жоба жеңімпаздары өздерінің жетістікке жету жолындағы өмір тарихы, өмірлік ұстанымдары туралы өй бөлісті. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, білімді, жан-жақты болып, рухани құндылықтарды қастерлеуге, еліміздің патриот азаматы болуға шақырды. Жиын соңында естелік суретке түскен қонақтар алғысын айтып, қатысушылар ризашылығын білдіріп тарқасты.

Жалпы, кездесудің мақсаты – тәуелсіздік жылдарында еліміздің түрлі салаларының ілгерілеуіне айырықша үлес қосқан жандардың нақты тарихы арқылы табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білім алуға құштарлық идеясын насихаттау. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын қолға алуды тап­сыруының басты себебі де осы, яғни ел дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды дәріптеу болатын. Расында да, тәуелсіздік жылдары тың жетістіктерге жеткен замандастарымыздың табысқа жету тарихы көпшілікке үлгі, жастарға өнеге боларлықтай. Сол себепті де, бұл жиынның маңыздылығы зор және ол  жоғары деңгейінде өтті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close