Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханиятҚоғам

«Тектұрмас» жобасы екі кезең бойынша жүзеге асырылуда

Бүгінде Тараз қаласын көркейту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асып жатқаны жергілікті жұртқа жақсы таныс. Соның бірі – «Тектұрмас» жобасы.

«Тектұрмас» жобасы екі кезең бойынша жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде Әулиеата ескерткішін орнату жұмыстарын аяқтап, Жамбыл облысының 80 жылдығына орай ескерткіштің ашылуы жоспарлануда.
Бүгінгі таңда ескерткіштің тұғыртасы қалануда. Тұғыртастың биіктігі 8 метр, ескерткіштің биіктігі 13 метр. Ескерткіш биік қырдың басында орналасқан. Қырдың етегінде кіреберісінде арка, арнайы көру алаңы, ескерткішке көтерілетін баспалдақтар орналасқан, жанында Талас өзені ағып жатыр. Өзеннің үстіндегі көпірдің екі жағында биіктігі 4 метр болатын екі арыстанның скульптурасы, баспалдақтар бойымен қарлұқ қағанаты кезінен араб экспансиясы келгенге дейінгі қалаларды бейнеленетін инсталяциялар орнатылады.
Екінші кезеңде ескерткіштің сол жақ бөлігіндегі алаңда Атлах шайқасы мен Аңырақай шайқасын бейнелейтін қабырға орнатылады. Келесі жылы Тектұрмас пен «Шахристан» тарихи-мәдени кешенін байланыстыратын аспалы жол салынатын болады.
Ескерткіш «Көне Тараз» қорынан демеушілер мен қалталы азаматтардың қаражатына салынуда. «Көне Тараз» қорының президенті Азимов Муратбек. Құрылыс басында 80 жұмысшы, 8 техника жұмыс істеуде.

Бұдан бөлек, «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешенінде магистралдық инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы (су, электр, газ, су бұру желілері)» нысанының ЖСҚ әзірлеу бойынша жобалаушы «Архстрой-2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылған. Сонымен қатар, «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешеніндегі «Көне-Қамал» салу және Әулиеата ескерткішінің аумағын абаттандырудың ЖСҚ әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жоба ағымдағы жылы аяқталуы жоспарлануда. «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешені маңындағы Талас өзенінің жағалауын абаттандыруға ЖСҚ әзірлеу де биылғы жоспарда бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close