Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылуда

Жуырда Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округінің орталығы Бәйтерек ауылында цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Ақпараттық орталықтың лентасын аудан әкімінің орынбасары Ербол Жаңабаев пен аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сауытбек Махамбетов қиды.

Цифрландырылған ақпараттық орталықтың ашылу рәсіміне, сондай-ақ, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшылығы, кітапханашылар мен ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Ербол Жаңабаев жиылғандарды ақпараттық орталықтың ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Құрметті ауыл тұрғындары! Елімізде көптеген игілікті істер жүзеге асырылып келеді. Тәуелсіз еліміздің экономикасы өсіп, халықтың тұрмысы мен әл-ауқаты артуда. Мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар да өз жемісін беріп отырғанын баса айтуға тиіспіз. Міне, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы арқылы ел өңірлерінде цифрландыру үдерісі қарқынды жүруде. Шалғай ауылдарда орналасқан кітапханаларда цифрландырылған ақпараттық орталықтардың ашылуы – осының айғағы. Былтырғы жылы аудан көлемінде 11 ақпараттық орталық ауыл тұрғындарына есігін айқара ашса, биыл да төрт ақпараттық орталықты жабдықтап, ашқалы отырмыз. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің арнайы ақпараттық база қалыптастыру туралы тапсырмасы бар. Осы ретте ауыл тұрғындары бұл орталықтың мүмкіндіктерін барынша пайдалануы тиіс. Сонда ғана тұрғындардың цифрлық сауаттылығы артатын болады. Цифрлық технологияларды енгізу – заман талабы дейтін болсақ, цифрландырылған ақпараттық орталықтар ақпарат алмасуға үлкен мүмкіндіктер жасап отыр. Ендеше, тұрғындардың игілігі артып, елімізде бейбітшілік заман болсын», – деді Ербол Сәкенұлы. Ал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бақыткүл Қанаева қатысушыларды цифрландырылған ақпараттық орталықтың жұмысымен таныстырып өтті. Жалпы, ауылдық кітапхананың ішінде орналасқан орталықты жабдықтауға бір миллион 300 мың теңге қаражат бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар алынған. Сондай-ақ, тағы бір айта кетерлік жәйт, осы күні Билікөл ауылдық округінің Қарабастау ауылында да цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close