Басты бетЖаңалықтарСаясат

Мақсат айқын, бағыт анық

Жуырда Тараз қалалық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс XXVIIІ конференциясы өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Жиынға «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, партияның облыстық және қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, қала әкімдігінің бөлімдері мен мемлекеттік органдардың және кәсіпорындардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияда алдымен дауыс беру арқылы «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы ретінде қала әкімі Қайрат Досаев болды. Жиында, сондай-ақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы Қайрат Әскербекұлы хабарлама жасап, басым бағыттарға тоқталып, бірқатар ұсыныстарды ортаға салды.

– Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асырудың өзегі ретінде бес міндет белгіленді. Бірінші міндет – заман талабына сай тиімді мемлекет. Екінші міндет – азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Үшінші міндет – қарқынды дамыған және инклюзивті экономика. Төртінші міндет – әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі. Бесінші міндет – қуатты өңірлер – қуатты ел. Мемлекет экономикасын реформалау қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртусыз мүмкін еместігін ескере келе, Президент ең алғашқы қадамды мемлекет тұрақтылығының негізін қалайтын «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есепті Үкімет» формуласынан бастауды мақсат етіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға назар аударды. Елбасы төрағалық ететін «Nur Otan» партиясы бүгінде халықтың шынайы саяси күшіне айналғаны баршамызға мәлім. Осы мақсатта алдағы уақытта мемлекеттің саяси тұрақтылығын нығайту жолында Президент көппартиялықты, саяси бәсекелестік пен пікір алуандығын арттыруды ұсынды. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтарына айналмақ, – деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ қала әкімі Жолдаудан туындайтын міндеттерді іске асыруда нақты іс-шаралар бекіту керектігін, партияның қоғамдық қабылдауына келген азаматтардың мәселелері дер кезінде шешілуін қамтамасыз етуді назарға алуды ұсынды. Ал баяндаманы талқылау үшін жарыссөзге «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Эльмира Мырза-Ғали, «Nur Otan» партиясының Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясы жетекшісінің міндетін атқарушы Серікбол Берікқожа мен «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының «Минералды тыңайтқыштар зауыты» бастауыш партия ұйымының төрағасы Талғат Рысқұлов шығып, өз ойларын ортаға салып, бірқатар ұсыныстарын айтты. Жиында партия қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, жаңа тағайындаулар болды. Ал конференция жұмысына арнайы келген «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат жиынды қорытындылап, көпшілікті Жолдаудан туындайтын міндеттерді бірге атқаруға шақырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close