Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанның кей облыстарында үсік жүреді

Қазақстанның бірқатар облыстарында үсік жүреді, – деп хабарлайды «Ақпарақ» «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

27 қыркүйек күні Атырау облысының кей жерлерінде 2 градус үсік сақталады. Ал Ақтөбе облысының кей жерлерінде 27 қыркүйекте түнде 3 градус үсік жүреді. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі. 27-28 қыркүйек күндері түнде Ақмола облысының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік болады. Күндіз 27 қыркүйекте, тәулік бойы 28 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында түнде 27-28 қыркүйекте топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close